Рухани келісім күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен аталмыш тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. С. Орынбеков облыс аумағында жұмыс атқаратын Ислам, Христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен филиалдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысы хатшылығының басшысы, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынға жиналған жұртшылық «Рухани келісім күні» мерекесін атап өтудің мәніне тоқталды. Сондай-ақ, «Бірлік пен келісім – Тәуелсіз Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі», «Қазақстан халқының Ассамблеясы – этникааралық және конфессияаралық келісім үлгісі», «Ислам діни рухани келісімділікке шақырады» сынды тақырыптар ортаға салынып, еліміздегі рухани келісімді одан ары нығайту жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, аталған басқарманың ұйымдастыруымен конфессияаралық қатнастарды үйлесімдендіру, жастардың бос уақытын тиімді байдалануды іске асыру мақсатында діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен спорттық іс-шаралар (кіші футбол, гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, жеңіл атлетика) сайысы жүргізілді. Сондай-ақ, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыс нәтижесі төмендегідей:
«Арқан тартыс»
1 орын. «Һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері.
2 орын. «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері.
3 орын. Мешіттің жастар жамағаты.
«Кіші футбол»
1 орын. «Һибатулла Тарази» мешіттің жастар жамағаты.
2 орын. «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері.
3 орын. Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы.
«Қол күрес»
1 орын. Саят Бескемпіров.
2 орын. «Бегалы ата» мешітінің наиб имамы Бақтияр Әмірейов.
3 орын. Әсет Мұратәлиев.
«Гір тасын көтеру»
1 орын. Андрей Азеркин «Источник жизни» діни бірлестігі.
2 орын. «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Нұралы Бақытұлы.
3 орын. Максим Голубеев «Источник жизни» діни бірлестігі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.