Құқық бұзушылық – қылмыс!

Құқық бұзушылық – қылмыс!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ әлеуметтік маңызды жоба шеңберінде «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аталмыш тақырыпта облыстық конференция өтті. Меркі ауданында өткен жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев, Меркі аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Абылай Ахметжанов және мектеп оқушылары қатысты.

   Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйіткілді мәселе. Қылмыс – құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі болып табылады. Белгілі жазушы Шерхан Мұртаза айтқандай «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты». Әлбетте қандайда бір тәртіпсіздікті реттеу үшін дінге және заңға жүгінеміз. Өйткені, ата дініміз ислам – бейбітшілік пен ынтымақты өсиет етеді. Іс-шарада заң жүзінде де шариғат шеңберіндегі де мәселелер көтерілді. Құқық бұзушылықтың алдын алар баяндамалар жасалды. Жеткіншектердің сан сауалына мардымды жауаптар да берілді. Әр оқушы жеке сауалнама толтырып, субъективтік көзқарастарын ортаға салды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: