Дінімізді дұрыс білейік!

Дінімізді дұрыс білейік!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Арнайы облыстан құрылған үгіт-насихат тобының құрамы Меркі ауданына сапарлатты. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №17 «Трубицин» мектебінде ЖАНТ өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Ержан Аманбаев, «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі Исламбек Дастан қатысты.

Ауданның жиі қонағына айналған Ержан Аманбаевтың уағызын жастар асыға күткен көрінеді. Кездесуге жиналған мектеп оқушыларының көптігінен залда бос орын болмады. Қазіргі қоғамдағы жастарымыздың болашағы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдар форумында қабылдаған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» жайында сөз қозғалды. Еліміздің ел болып, әлем елдерімен терезесі теңесіп келе жатқанын сіздер жақсы білесіздер. Еліміздің болашағын келешекте жалғастыратын жастар сіздер боласыздар. Дінімізге келетін болсақ, Ислам дінінде салт-дәстүрі, тілі мен дінін бөле жармай имани құндылықтарға жіті көңіл бөлу керектігі айтылады. Имани құндылық сақталғанда кез келген жағдайда келеңсіз оқиғалар болмайды. Әлемді қарасаңыздар түрлі жағымсыз оқиғалар болып жатқанына куәгер болып жүрміз. Экстремизм, терроризм деген ұғым елімізге үйреншікті болғаны сонша, ана елде жарылыс болыпты деп айта салатын болдық. Мұндай келеңсіз оқиғаларды еш уақытта Ислам дінімен шатастырмау керек, – деді Ержан Аманбаев өз сөзінде.

Сонымен қатар «Ислам діні жайлы қызығушылық туындап жатса, көңілде жүрген сұрақтарыңызды мешітке барып, имам-молдаларға қойған жағдайда сіз Ислам шариғаты бойынша ең дұрыс жауап аласыз, – дейді ол.

Жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Өз-өзін жарып жіберу, қоғамға зиянын тигізу, олардың мақсаты, өзге елге барып соғысу, жиһад деген не сынды көптеген сұрақтар қойылды.

«Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: