Қалыптасқан дағды бойынша Қордай ауданында қызмет атқарып жатқан имам-молдалар кезекті жиналыста бас қосты. Жиналыс төрағасы Ә.Шалбай Құрбан айтта атқарылған игі іс-шараларға үлес қосқан дін қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Жиында көтерілген өзекті тақырып – имамдардың білімін жетілдіру мәселесі. Осы мақсатта Алматыдағы ҚМДБ-ға қарасты ИБЖИ-ға қараша және желтоқсан айларына оқуға баратын имамдарды тіркеп, облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде ұйымдастырылып жатқан семинарға аудан бойынша дін қызметкерлерінің қатысу кестесімен таныстырылды. Ә.Шалбай аталмыш семинарға имамдардың толық қатысуын шегелеп тапсырды.
Мәжілісте көтерілген тағы бір мәселе ҚМДБ тарапынан қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», 3 құжаттың қоғам арасында кең талқылауы, құжатпен таныстыру жұмыстарын тағы бір пысықтап, жүзеге асыру жүктелді. Мешіт құжаттарын реттеу, салық басқармасына қатысты есептерді уақытылы тапсыру сияқты мәселелер де көтерілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі