«Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей қариясы бар ел қазыналы емес пе? Қайраты мен жігерін Отаны мен отбасына арнаған ақсақалдарымызға құрмет көрсету үлгенге құрмет, кішіге ізет деп бойына сіңдірген қазақ ұрпағы үшін борыш.
Осындай самайы аққа боялып, бір-бір шаңырақтың ақылшысы болған қарттарға «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйытқы болуымен сый жасалды. Ақсақалдарға шапан жабылып, азық-түлік таратылды. Ал, аталмыш қайырымдылыққа «Қазына» сауда орталығы демеушілік етті.
Hibatulla.kz