Т.Рұсқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев ауыл тұрғындарын ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында өткен І республикалық имамдар форумында қабылданған тұрғынамамен таныстырды. Жиынға Тереңөзек ауыл ақсақалдары және ауыл жастары қатысты.
Жиналыс барысында бас имам «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» сияқты құжаттардың қабылданғанын айта келіп, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» турасында баяндама жасап, жастар мен ақсақалдарға аталмыш құжат жайында кеңінен түсінік берді.
Т.Рұсқұлов ауданы