Ел болам десең, бесігіңді түзе!

Ел болам десең, бесігіңді түзе!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының дін қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын тиімді жалғастыруда. "Болашағыңды білгің келсе, бүгініңе қара" демекші, әр қоғам елдің болашағына алаңдайды. Оң-солын енді ғана ажыратып келе жатқан жас буынның дәстүрлі ислам бойынша сана-сезімін қалыптастыру, әрбір ұлтжанды азаматтың борышы екені анық. Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру – өскелең ұрпақтың ағымдардың арбауында кетпеуіне үшін тосқауыл болып табылады. Осы мақсатпен аудандық «Қордай» мешітінің және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның Қаракемер және Ауқатты ауыл аймақтарында дін тақырыбындағы тәрбиелік кездесулер өтті.

Аталмыш кездесуде «Қарты бар үй – қазына» тақырыбы тілге тиек болды. Тақырып аясында наиб имам Д.Жандосұлы мектеп оқушыларына дініміздегі үлкенге құрмет, салтымыздағы қарт адамдарға қамқорлық жайлы уағыз айтып, халық ауыз әдебиетімен сусындатып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, "Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды" деген халық даналығын түсіндірді. Ата дініміздің ерекше құндылықтарына тоқталып, дініміздің негізгі қағидаларын түсіндіріп өтті. Ел ішінде іріткі салып жүрген жат ағымдардың негізгі сипаттарына тоқталып, сақ болуға шақырды. Оқушылар дін маманына өз сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: