Ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан дәстүрлі дініміз исламның құндылықтарын дәріптеп, түрлі діни ағымдардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысының ақпараттық насихат тобы Мойынқұм, Шу, Меркі аудандарында болып қайтты. Мойынқұм өлкесінің Кеңес ауылдық мектебінде, Кеңес ауылы әкімдігінің мәжіліс залында, Биназар ауылдық клубында, Бірлік ауылдық клубында, Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде, Бірлік ауылында, сондай-ақ, «Сауда сервис» орталық базарында, Шу қалалық «Жәми» мешітінде, аудандық «Төле би» мешітінде, құқық және бизнес Шу гуманитарлық колледжінде, Абай атындағы орта мектебінде, Шу қаласында, Меркі ауданындағы А.Асқаров атындағы Меркі экономикалық және құрылыс колледжінде, аудандық Статистика басқармасында, аудандық Қазынашылық басқармасында, «Жақсымбет» мешітінде, «Қарабала» мешітінде кездесулер өтті.
Көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауабтар беріліп, халыққа «Дін мен дәстүр» жайындағы бүктеме қағаздар таратылды. Уағыз-насихат жүргізіліп, ата дініміз ұлықталды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.