ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, соның ішінде Тараз қалалық «Әулие-ата» мешіті, ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес қайырымдылық шараларын өткізіп келеді.
Қайырымдылық жасау – адам баласын Алла Тағалаға жақындататын сауапты амал. Жағдайы төмен, мұқтаж жандарға қол ұшын беру, оларға қолдан келгенше көмек көрсету – өте сауапты істердің бірі. Осы орайда, Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы Алмахановтың ұйымдастыруымен және «Рахман-Рахим» мешітінің молдасы Нұрмұхаммедтің ат салысуымен, Тараз қаласында орналасқан «Барчиной» мейрамханасында «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінің» балаларына және «Һибатулла Тарази» медресесінде оқып жатқан шәкірттерге арнайы ас беріліп, сыйлықтар үлестірілді. Ол жерге келген балаларда шамалары келгенше өз өнерлерін көрсетті.
Келген балалардың қуанышында шек болмады. Олар өз ризалықтарын білдірді. Кемтар балалардың тәрбиешілері де жақсы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
«Әулие-ата» мешіті