Алланың қалауымен қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері ислам дінін қабылдап, мұсылман бауырларымыздың санын арттыруда. Осындай жағдаймен Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінде тағы бір орыс ұлтының өкілі Кирил есімді азамат арнайы келіп, кәлима шәһәдәт айтып, ислам дінін қабылдады. Намаз оқуға және Құран оқуға өте құштар екенін де айтты. Оның бұл жолға түсіп, ислам дінін қабылдауға өзінің бірге жүрген жолдасы себепкер болғанын да жасырмады. Кирил бауырымызға арнайы мұсылманша азан айтылып, «Абдурахим» деген ат қойылды.
- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 2643
Орыс ұлты мұсылман дінін қабылдады
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.