Қарттық – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Қарттарымыз еліміздің өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. Үлкенді сыйлау – ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): Алла разылығы ата-ана разылығында, Алла ашуы ата-ана ашуында жатыр,» – дейді. Әлбетте әрбіріміздің оларды сыйлап, үлкен құрмет көрсетуіміз парызымыз.
Ауыл әкімшілігінің ұйытқы болуымен Бейназар және Бірлік ауылдарында «Қарттар – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті. «Қарттар күніне» орай ұйымдастырылған кешке ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев пен Жамбыл облысының Дін істері бақарқармасының маманы Еркебұлан Есмаханов қатысып қайтты. Шалғай аймақтарда ескерусіз қалып жатқан қарттарға дін мамандары уағыз-насихат айтып, көңілдерін жадыратқан-ды. Қатпар-қатпар белестерден өтіп, ақсақал мен ақ жаулықты әже болған қарияларымызға арналған жиында қарияларға байналысты сахналық көріністер құрылып, әуезді әндер мен термелер айтылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.















24 Қаңтар 2026
5 Шаабан 1447

