Үлкенге құрмет, кішіге ізет!

Үлкенге құрмет, кішіге ізет!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен және аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен аудан бойынша мектеп оқушыларына арналған дін тақырыбындағы тәрбиелік маңызы зор кездесулер жалғасын табуда. Кезекті кездесу ауданымыздың ірі елді мекендерінің бірі – Сортөбе ауылында орын алды.

Жиынға ауданның наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Бірімқұлов, Сортөбе ауыл әкімінің орынбасары М.Гаров, №18 орта мектеп оқушылары және мектеп ұжымы қатысты. Өкіл имам Д.Ә.Жұмабаев мырзаның тапсырмасына сай аталмыш тақырыпта сөз қозғаған Д.Жандосұлы 1 қазан халықаралық қарттар күні екенін еске салып, Ислам дініндегі үлкенге құрмет жасау маңызды әрі сауапты істерден екенін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ата дінімізде үлкенге құрмет бір-ақ күннің шеңберінде қалмай, мұсылман баласының саналы өмірінде атқаратын игі іс екенін тілге тиек етіп, Алла елшісінің (с.ғ.с.) хадистерінен, ұлттық дәстүрімізден мысалдар келтіре кетті.

Іс-шарада ел арасында іріткі салып жүрген теріс ағымдар жайлы да сөз қозғап, олардың шығу тарихы, ерекшеліктеріне, сипаттарын және мақсаттарына тоқталып, діни сауат ашу арқылы ағымдарға қарсы жас ұрпақтың иммунитетін қалыптастыруға болатынын жеткізді. Мектеп оқушылары дін маманына өз сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: