Радикалды бағыттардан сақ болайық!

Радикалды бағыттардан сақ болайық!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Діндегі радикалды бағыттар және олардың қауіпі» тақырыбында семинар өтті.

   Аталмыш іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев пен студенттер, колледждің ұстаздар қауымы қатысты.

   Жас сананы улап, сергелдеңге белең алып бара жатқан жат ағымдардың зардаптарына тоқталып, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын ортаға салған жиын білім ордасының шәкірттеріне ұлағаты мол кездесу болған-ды. Жастар көкейкесті сауалдарын қойып, мәні терең, мардымды жауаптар алды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: