Құт мекеннен қайтқан қажылар ұшағы қонды

Құт мекеннен қайтқан қажылар ұшағы қонды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың нәсіп қылған қасиетті қажылық парызына аттанған жұртшылық елге оралды. Әр мұсылманның арманы болған қағбада ғибадат етіп жүрекке иман, бойына қуат жинаған қажылардың жүздерінен нұр шашып тұрған-ды. Ат артып, асулардан асып дініміздің алып шаңырағына «һибатулла Тарази» мешітінен 50 кісі атанған болатын. «FlyNas» халықаралық әуе компаниясымен сапарға аттанған Қазақстандықтар айдың күні әмәнда өз ордаларына жеткізілді.

Тікұшақпен Алматы қаласына қонып, Тараз шаһарына арнайы автобуспен жол тартып, Меккенің лебін ала кірген қажыларды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев пен мешіт жамағаты және қажылардың отбасы күтіп алды.

«Қажы атанған қарияларымыз ақ батасын беріп, жылы лебіздерімен бөлісті. Туған жерімізге келсек те қағбаны сағынатындай сезімге қалдырған қастерлі парызды орындау баршаңызға нәсіп болсын,» – дейді сапардан қайтқандар.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

г

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: