Мұсылман халқының басын қосып, ынтымақ пен берекенің қазандығы болған Құрбан айт мейрамы Тараз шаһарында жоғары дейгейде аталып өтті.
Жалпы саны 7 (жеті ірі қара) 55 (елу бес қой) сойылып, 556 отбасына таратылды. Мешіт айналасына Құрбан айт мерекесіне байланысты банерлер ілініп буктемелер таратылды. «Рахман-Рахим» мешіті тұрмысы төмен екі отбасына 2000 (екі мың теңгеден) 4000 (төрт мың теңге) көлемінде жәрдем берді. Нәметбай мешіті жағдайы төмен екі отбасының оқушыларына мектеп формасын сыйға тартты. Демеушілер есебінен 500 000 (бес жүз мың теңге) көлемінде жайнамаз кілем төселді.
«Әкрам-төре» мешіті 5 (бес) тұрмысы төмен отбасына 25 кг (1 қап ұн), 25 кг (1 қап күріш), 25 кг (1 қап макарон), 5 литр сұйық май берді.
«Асым-ата» мешіті жағдайы төмен 15 (он бес отбасына) 2 кг күріш, 2 кг шекер, 2 кг макарон, 2 кг ұн көлемінде жәрдем берді.