Шу өңірі тағы бір ғибадат үйімен толықты

Шу өңірі тағы бір ғибадат үйімен толықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың қалауымен, халықтың сұранысымен, ұлық мереке Құрбан айттың үшінші күні Шу ауданына қарасты Амангелді ауылында ауыл тұрғындарына жаңа мешіт өз есігін ашты.

Мешіттің ашылу салтанатына Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев, аудан әкімінің аппарат жетекшісі Ербол Еркінұлы қатысты. 

Жаңадан ашылған  ғибадат үйінің ауласына төрт қазақ үйі тігіліп, қазақтың ұлттық ойыны «бәйге» өткізілді. Күмбірлеп күй ойналып, тербетіп термелер айтылды. Додада жеңімпаз болған ауыл тұрғындарына түйе сыйға тартылды.

Данияр қажы Жұмабаев  жиналған көпшілікке ауызбіршілік, ынтымақ жайында және Алланың жердегі үйін тұрғызу турасында тұшымды насихатын айттып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілегенін жеткізді.

Барша жиналған халық имандылыққа ұйытатын, елдің береке-бірлігін баянды ететін жаңа мешіттің ашылуына дән ризалықтарын білдіріп жатты. Ашылу салтанатынан кейін халыққа арнайы дастархан жайылып, Құран оқылып, бата берілді. 

Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: