Молшылық пен береке мерекесі болған Құрбан айт мейрамы білек сыбанып амалға аса салмақ салатын ұлық күн. Оның ұлықтығы сондай күллі мұсылман баласының бауырмалдылығын өсіріп, ағайын-туыстықты бекітетін бірлікке ие. Ал ең бастысы Аллаға ұнамды істердің легі құрылатындығы.
Аталмыш ұлыс күннің құрметіне Шу қаласы «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйытқы болуымен жағдайы төмен отбасыға айттық дастарханға арналған азық-түлік табысталды. Іс-шараға «Қазына» дүкенінің қызметкерлері де ат салысты. Аухатты ағаларымыз мешітте қой малын құрбандыққа шалып, әлеуметтік жағдайы төмен өтбасыларға таратылды.
Сонымен қатар имамның ұйымдастыруымен жеңіл көлік жалданып, халықты қала ішінде тегін тасмалдады.
Hibatulla.kz