Экстремизм – исламға жат дүние

Экстремизм – исламға жат дүние

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен ауданда орналасқан №39 мектепте экстремизм-терроризмнің алдын алу және келешек ұрпақтың сана-сезімін улайтын түрлі жағымсыз әрекеттерден сақтандыру мақсатында мектеп оқушылары мен ата-аналары қатысқан жиын өтті. Сондай-ақ, бұл жиынға ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев, прокуратура қызметкері, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты. Қазіргі таңда келеңсіз оқиғалар болған жағдайда экстремизмді дінмен байланыстыратыны белгілі. Ақиқатында ислам діні экстремизмге түбегейлі қарсы.

«Құрметті, ата-аналар! Тақырып айтып тұрғандай, ислам діні экстремизмге түбегейлі қарсы. Дінде шынайы мұсылман біреуге қару мен қол көтеруі былай тұрсын, тілімен зиянын тигізуіне тиым салынады. Міне, қараңыздар дініміздің ұстанымын. Осыны біле тұра дінге күйе жағуға бола ма, әрине, болмайды. Қадірменді ата-аналар! Барлығымыз да бала бар. Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Бірақ сол балаларымызға жете көңіл бөліп, қадағалау жағдайы қалай? Еліктеп, елеңдеген жастардың сана-сезімі қандай деңгейде? Немен айналысуда? Ғаламтордағы әлем оқиғаларының қызығына еліктемей, керегін алып, жағымсыз жағынан өзін аулақ ұстау керектігі қадағалануда ма? Өз-өзіне қол жұмсап, өз өмірін өзі үзіп жатқандар қанша?! Жаратушы иеміз Алла Тағала аманат қылып берген өмірге қиянат жасамау керек! Бұл – үлкен күнә. Сөзімнің соңында айтарым, ел басының саясаты, ата-аналар, ұстаздар, дін қызметкерлері бәрінің ойлаған мақсаты бір. Қайткен күнде де үміт етіп, ұл-қыздарымызды үкілеп тәрбиелеп, елдің ұрпақтары деген өсиетке жетейік,» – деді имам өз сөзінде.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: