Жаңа оқу жылындағы алғашқы кездесулер

Жаңа оқу жылындағы алғашқы кездесулер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен және аудандық жастар орталығының қолдауымен жаңа оқу жылы басталысымен жастардың діни сауатын ашу жұмыстары басталып кетті. Жүздесулер Сарыбұлақ және Қақпатас ауыл мектептерінде өтті. Жиынға ауданымыздың наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы, жастар орталығынң маманы Б.Әліппаев, аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің тілшілері, ауыл әкімдері, мектеп ұжымдары және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Әрине, көтерілген мәселе асыл дініміздің құндылықтары жайлы. Дін маманы Д.Жандосұлы жиналған қауымды ұлық мереке Құрбан айтпен шын жүрекпен құттықтап, Алланың рахметін, пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) шапағатын тіледі. Сұхбатты жалғастыра келе ата дініміз Исламның негізгі құндылықтарына тоқталып, отансүйгіштік, білімге деген ынта және жастар арасында белең алып бара жатқан өз-өзіне қол жұмсау тақырыптарында мағыналы уағыз айтылды. Қоғамды алаңдатып отырған теріс ағымдар жайлы Д.Жандосұлы жиналған азаматтарға, жастарға терең мағлұмат берді. Жиналған қауым өз көкейкесті сұрақтарына Д.Жандосұлы тарапынан нақты және мардымды жауаптар алды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: