Құрбан айт ұлықталды

Құрбан айт ұлықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Қасиетті Құрбан айт мерекесі биыл Т. Рысқұлов ауданында жоғары деңгейде аталып өтті. Арафадан бір күн бұрын мешіт қызметкерлері Құрбан айттың қарсаңында мешіттің іші-сыртын толығымен тазалап, Құрбан айтқа дайындық жасады. Дайындық жұмыстары алдын-ала пысықталып, айтулы мерекенің барынша ойдағыдай өтуі жан-жақты қамтамасыз етілген болатын. Дініміздің екі үлкен мейрамының бірі – Құрбан айт мерекесін дәріптейтін ақпараттар, мәліметтер, мақалалар күні бұрын дайындалып, жергілікті газет беттерінде жарық көрді. Мақалада айт мерекесімен қоса құрбандықтың мән-мағынасын, жөн-жоралғысын түсіндіретін мағлұматтар және айт намазының оқылу уақыттары көрсетілді. Қазіргі кездегі хабарландырудың ең озық түрі – сыртқы жарнаманың пайдасы мол.Осындай озық нәрселерді пайдаланып жергілікті әкімшілік өкілдерімен келісе отырып, Құлан ауылының Жібек жолы көшесінде, мешіттің айналасында «Құрбан айт құтты босын!» атты құттықтау сөздері ілінді.

     Алдын-ала дайындалған жоспар бойынша мінберге орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев көтеріліп, халыққа уағыз-насихат айтты. Құрбан шалудың тарихы мен маңызына тоқталған ол, бұл амалдың Ибраһим пайғамбардан (ғ.с.) келе жатқан уәжіп екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, аудан әкімі Жарылқасын Айтақов жиылған жамағатты «Құрбан айт» мерекесімен құттықтады. Айт намазына жиналған халықтың санында есеп болмады. Жылдағы дәстүр бойынша құрбандыққа шалынған малдың етімен қоса 2 киллограмдық макарондар аудандағы кембағал жандарға, көп балалы жанұяға таратылды.      

      Сонымен қатар ағымдағы жыл «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланған болатын. Осыған сай бас имам Сұлтаншәріп қажының ұйымдастыруымен күрес ұйымдастырылып, женімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды. 

Әбілда МЕЙІРХАНОВ,

Әскери зейнеткер, Т.Рысқұлов ауданы

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: