Тараз қаласындағы мешіт имамдары тәжірибе алмасты.

Тараз қаласындағы мешіт имамдары тәжірибе алмасты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт – Алла үйі. Әрбір пенденің рухани ордасы болған қасиетті шаңырақтың имам-молдалары халыққа шариғат үкімдерін түсіндіріп, оған сай әрекет етуге үйретіп келеді. Ілімдерін тереңдетіп, сүйікті істерін шыңдау үшін бүгін де ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр Жұмабаев Әлимұхаммедұлының бастамасымен Тараз қаласының бірнеше діни қызметкерлері төмендегі кестеге сәйкес тәжірибе алмасты.

 Олар сол мешіттегі жамағатпен бір апта көлемінде бірге болып, барлық діни қызметтерді ҚМДБ-ның төрт бағыты бойынша атқарды. Атап айтатын болсақ, күнделікті мешітте атқарылып отырған бес уақыт намаз, неке қию, жамағатқа уағыз-насихат айту, дәріс өткізу, теріс ағымдардың алдын алу жұмыстары. Тәжірибие алмасу іс-шарасы имамдардың да, жамағаттың да көңілінен шыққан-ды. Мешіт қызметкерлері өздерін шыңдап қана қоймай, бұқараға жаңаша дем сыйлады.

Жүрекпен атқарылған іс құлаққа ұрғандай ұйып тыңдаған жамағаттың жүрегіне жеткен-ді. Алдағы уақытта осындай тәжірибе алмасу жұмыстары мешіттерде әлі де жалғасын табары сөзсіз.

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер. Оны ертелі кеш пәктеңдер. Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ, мүміндерге ерекше мейірімді,» – дейді. Баршамызға Алланы көп еске алып, зікір етуші пенделерден болу нәсіп болсын!

1. «Әбдіқадыр» мешіті - Хадиметов Абдуахит

2. «Шейх Зуннун» мешіті-Ахметов Айнабек

3. «Хазреті Әли» мешіті- Қуанышбеков Қанат

4. «Құлбай ата» мешіті-Ахметов Хамидулла

5. «Айсұлу ана» мешіті-Мынбаев Бекболат

6. «Бегалы ата» мешіті-Талғат Сматов

7. «Асым ата» мешіті-Амиров Бақтияр

8. «Хамрақұл» мешіті-Бөлегенов Ерлан

Hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: