Құрбан айт келеді құт болып...

Құрбан айт келеді құт болып...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мерекесін діни тұрғыда және қазақы салт-дәстүрмен, ұлттық ойындармен байланыстырып, барынша үлкен деңгейде өткізу үшін ауданда қызмет атқарып жүрген имам-молдалар арасында кеңес өтті. Бас имам әріптестеріне Құрбан мерекесін тартымды өткізуге көңіл бөлініп, барынша үгіт-насихат жұмыстарын халық арасында насихатталуы керектігін жеткізді.

«Ең басты мәселе – мешіттеріңіз мерекелік шараға сай болу үшін мешіт айналасын тазалап, тал-гүлдерді көзге көрікті етіп ретке келтіру, мешіттердің іші-сыртына жөндеу жұмыстары жүргізу керек. Мешіттердің халыққа көрінетін жеріне «Құрбан айт құтты болсын, ағайын!» атты бильбордтар іліп, мұнымен қоса қандай іс-шаралар өтетіні жайлы хабарлама ілінсін. Мешітте сойылған құрбан малдардың еттерін тарқатуда алдын ала әлеуметтік жағдайы төмен, етке, азық-түлікке мұқтаж жандарды нақтылай тізімге алыңыздар. Үлестіру кезінде қандайда бір реніш, өкпе болмайтындай жағдайда болуға тырысу керек, жалпы мешітке келген азаматтарға шынайы ықылас білдіріп, өте көркемдікпен қарсы алу міндетіңіз екенін естен шығармауыңыз керек,» – деп тапсырма жүктеді имам.

Аудандық «Меркі-ата» мешітінде осы мерекеге орай, Құрбан айттың 2 күні сағат 10-да жоспарланған спорт және ұлттық ойындар (қазақша күрес, арқан тартыс, гір көтеру, білек сынас ойындары) сайысы өтпек. Сонымен қатар осы күні мүмкіндігі шектеулі, мүгедек 1 жастан 16 жас аралығындағы жасөспірімдер барлығы 35 балаға, ата-аналары мен ұстаздарға мешіт асханасында арнайы дастархан дайындалып, Құрбан етінен дәм татқызу, мүгедек ұл-қыздардың әр қайсысына сыйлық ретінде көрпе тарату кезекте тұр.

Жиын соңында ҚМДБ-ның имамдар форумына арқау болған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» бұдан бұрын да талқыланған болатын. Имам-молдалар арасында тағы да тереңірек талқыланып, пысықталып, әр қайсысына «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылман тұлғасының бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті» атты кітапшалар таратылды.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: