Қасапшылар сақадай сай

Қасапшылар сақадай сай

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман үмметінің ұлық мерекесі Құрбан айтқа санаулы-ақ күндер қалды. Мұсылмандарды ынтымақ пен бірлікте бір шаңырақ астына жинайтын елдің мерейін үстем ететін айтулы мейрамның қарсаңында «Һибатулла Тарази» медресесінде қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтті. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Мағажыұлының тапсырмасы негізінде ұйымдастырылып отырған аталмыш дәрісте шағират жолымен мал союдың шарттары, халал ас жайы сөз болды. «Анғам» сүресінің 145 аятында Алла Тағала: «Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам» – деп ескертеді. Сондықтан да құрбандық шалудың шарттарын білу әр азамат үшін міндет болып табылады.

Семинарды Тараз қаласы «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы мен «Әулие-ата» мешітінің наиб имамы Ораз Баймұханов жүргізді. Іс-шараға «Һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері мен медресе шәкірттері қатысты.

Құрбан – Алла алдындағы мал-мүлікпен орындалатын құлшылық түрі болғандықтан оның шариғи үкімдері мен талаптарын білу құрбан шалушыға және қасапшы кісіге де аса қажет. Мал союдың шариғи үкімдерін түсіндірген бір күндік тренингтен тәлім алған қасапшылар құрбан шалу барысында семинардан үйренген сабақтарын іске асыратындықтарын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: