ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің тапсырмасымен арнайы «Құлбай-баба» мешітінің имамы Талгат Сматовпен «Бегалы ата» мешітінде бір апта бойы 5 уақыт намаз, жұма намазы, кешкі уағыз, т.б. имамдық шараларды уақтылы өткізілді. Сонымен қатар осы аралықта Қордай ауданындық мешіті мен Қасық аулындағы мешіттеріне АНТ жоспары бойынша іс сапарға шығып, қоғамдағы жат ағымдар мәселесін түсіндірілді. Жиында елуден аса жамағат, әрі аймақтық ішкі саясат бөлімі және жастар орталығының мүшелері қатысты. 17.09.2015 ж Жасөркен аулы мен Қызыл қайнар аулындағы мектептерде кездесу өткізілді. «ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарлама», «Дәстүрлі ислам», «Тәкфиршілер жат ағым» тақрыбында әңгіме өрбітті. Имам осы кездесуді пайдаланып, Құрбан айтпен баршаны құттықтаса, жамағат өздерінің түрлі сұрақтарына пайдалы жауаптар ала алды. Сондай-ақ, осындай кездесулер жиі өтуіне тілектерін білдірді.
Талғат АСАНҰЛЫ, Құлбай баба мешіт имамы