Аудан имамы науқастарға зиярат етті

Аудан имамы науқастарға зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні бойынша науқасты зиярат ету (яғни көңілін сұрау) – сүннет. Адамгершілік қағидасына сүйенсек те, бұл ұлты мен ұлысына қарамай мәдениеттілікке жатады. Халық даналығында «Аурудың емі – саудың сәлемі» деп текке айтылмаса керек. Себебі, көңілі жан жарым боп жатқан науқасты зиярат ету – рухани демеу. Адам қиналғанында мейлі жас, мейлі қарт болсын жанына демеу, көңіліне медеу болар бір жылы сөз күтіп, айналасынан жылы қабақ күтетіні белгілі.

       Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев жалғыз басты қарттардың үйлеріне барып көңілін сұрау, жетімдерге жәрдемдесу, көмек сұрап келген жоқ-жітікке мүмкіндігіне қарай қол ұшын созып, қарайласуды қалыпты үрдіске айналдырып келеді. Мұқтаж жандарға қайырымдылық көмекті ол өзі ғана жасап қоймай, ауыл имамдарынан да үнемі талап етіп отырады. Жуырда сондай бір кезекті қайырымдылық шарасы жасалды. Сұлтаншәріп қажының бастамасымен Құлан елді-мекенінде орналасқан аудандық аурхана мекемесінде болып, ондағы дертке душар болып, емделіп жатқан жандардың көңіліндеін сұрап, дерттеріне Алладан шипа тілеп дұға жасады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: