Аудандық «Қордай» мешітінің ұйытқы болуымен ауданымыздың ірі елді мекендерінің бірі Ауқатты ауыл аймақтарында дін саласындағы маңызды кездесу орын алды. Аталмыш іс-шараға ауданымыздың бас имамы Ә. Шалбай, ауыл әкімі Д. Е. Қарымсақов, мемлекеттік қызметкерлер және ауыл тұрғындары қатысты. Кездесудің басты мақсаты: азаматтардың діни сауаттылығын ашып, оларды ұлтжандылыққа және қазақ халқының ата дінімізбен біте сабақтасқан мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге үндеу, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру. Кездесу қонағы Әбдужалил Шалбай ислам дінінің қадір-қасиеті турасында әңгіме өрбітіп, сондай-ақ, имандылық, теріс қылықтардан аулақ болу және бірлік пен адамгершілік жайлы әңгімелер айтылды.
Сонымен қатар мешіттердегі сауат ашу курстарының қызметі және мешіт құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына тоқталып өтті. Бас имам жиналған қауымды ұлық мереке Құрбан айтпен құттықтап, Құрбан айтты Мүфтияттың пәтуасына сай өткізуді имамдарға тапсырды. Кездесуге қатысушылар өз көкейкесті сұрақтарын дін өкіліне қойып, лайықты жауаптарын алды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі