Алла үйінде дін мен дәстүр ұлықталды (ФОТО)

Алла үйінде дін мен дәстүр ұлықталды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Ұлық мереке Құрбан айт мейрамы қарсаңында Талас  ауданына қарасты Есихан ауылында жаңа мешіт бой көтеріп, халыққа пайдалануға берілді. Жаңа мешіттің бой көтеруі ұлттық рухани ойдың қайта жаңғырып, ағартушылық идеяның орнына келуіне игі ықпалы тиетін бір жаңалық деп ұғынамыз.

 Жаңадан ашылған  мешіт жанына төрт киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық ойындары: күрес, көкпар, ұйымдастырлып, термелер айтылды.

Күреске арналған жүлде қоры бір милон теңгені құрады. 80 кг дейін  салмақта 1 орынды жеңіп алған Мұзаппар Ерсұлтанға 200 000 мың теңге сыйлық берілді. 2 орынды жеңіп алған Даулет Пақрейдиновке 100 000 мың теңге бұйырды. 3 орынды жеңіп алған Оразалы Ермекбайевке 50 000 мың теңге сыйлық табысталды.

Түйе палуандарынан 80 кг салмақтан жоғары палуандар арасынан 1 орынмен Айдос Тенгебаев 300 000 мың теңге сыйақыны қанжығасына байласа,  2 орынмен алға шыққан Жасұлан Абишов 25 0000 мың теңгені иеленді, ал, 3 орын иегері Айбол Айтбекке 50 000 мың теңге сыйақы берілді. Сондай-ақ, көкпар қорына да бір миллион теңге жұмсалды.

 Жаңа мешіттің ашылу салтанатына Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев аудан имамы Нұрсұлтан Алиев және аудан әкімінің  орынбасары Серік Дадабаев қатысты. Данияр қажы Жұмабав  жиналған көпшілікке ауызбіршілік, ынтымақ жайында уағыз айтты. Бас мүфти биыл «Дін жән дәстүр» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, өткізілген іс- шараға  қонақтар шақырылып, ас берілді. Көпшілікке Алланың жердегі үйін тұрғызу турасында тұшымды насихатын айттып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілегенін жеткізді. «Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын,» – деп тілек білдірді имам.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаев ізгі тілегін білдіріп, мешіт соқан Нұрғазы Қанатбекұлы Бекбердиевке аудан әкімі Болат Рысмендиевтің алғыс хатын табыс етті.

Барша жұрт халықты имандылыққа ұйытатын, елдің береке-бірлігін баянды ететін аталмыш мешітті соқан Нұрғазы Қанатбекұлына Бекбердиевке алғыс білдіріп, батасын берді. 

Қуанышқа жиналған зиялы қауым өкілдері мен жұртшылық жаңа мешіт жаңа бастама мен ұлт тарихының ұлағатын тарқататын жер болса екен деп тілек тіледі.

Ауданық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: