Шу ауданы Бірлік ауылында М.Х.Дулати атындағы қазақ орта мектебінде 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Оған Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Қ. Мусаев аудандық Жастар орталығы КММ бөлімінің мамандары және дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.
Шара барысында бас имам Қ. Мусаев ислам діні бейбітшілікті, бірлікті, ынтымақты көздейтіндігін айтып, әлемдегі түрлі экстремизнің зияны мен зардаптары жайлы және оған жол бермеудің жолдары мен қағидаларын, олардың көздеген мақсаттарын баяндап берді. Сонымен қатар әдептің түрлері мен жастайынан білім алудың пайдасы жайында уағыз-насихаттар айтты.
Кездесу соңында оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып қанағаттарлық жауаптарын алды.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі