Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде діни ағымдардың алдын алу мақсатында аталмыш тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Һибатулла Тарази» медресесінің аға оқытушысы Нұрәлі Бақытұлы, ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев сондай-ақ, студенттер мен мұғалімдер қатысты.
Соңғы кездері терроризм мәселесі ұлттық шеңберден шығып, халықаралық қатынастар саласымен байланысып, қазіргі таңның өткір жаһандану мәселесіне айналып отыр. Терроризм ғаламшарлық масштабта кеңінен таралуда. Қоғамды улап, ақ пен қараның сергелдеңіне тастаған осы жат дүниелерден аулақ болу үшін ілім қажет. Бұл кездесудің басты көтеріп отырған мәселесі. Кездесудің қонағы болған дін өкілдері терроризм мен экстремизм, жат ағымдар жайында мәлімет беріп, студенттердің көкейкесті саулардарына ұтымда жауаптарын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.