Жамбыл облысы дін істер агенттігінің АНТ мүшесі, Тараз қалалық "Құлбай-баба" мешітінің имамы Талғат Асанұлы құрбан айт қарсаңында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 7-ші мөлтек ауданындағы "Хазіреті Али" мешітімен А. Асқаров көшесіндегі "Шейх Зуннун" мешіттерінде жамағатпен кездесіп, ҚМДБ-ның тұғырнамасы әрі төрт бағыты бойынша уағыз-насихат жүргізді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі түрлі теріс ағымдардан абай болу жайында ескертіп, имам Абу Ханифа жолын ұстануға дәлелдер келтірді. Алдағы уақытта аудандар мешіттерін аралау жоспарда екенін айтып, барша жамағатты алдағы құрбан айт мерекелерімен құттықтады.