Қажылар қасиетті мекенге жол тартты

Қажылар қасиетті мекенге жол тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылық парызының жауапкершілігі зор әрі марапатының шексіз екенін өз хадистерінде ескерткен. Адамды анадан жаңа туғандай пәк, таза кейіпке бөлендіретін қажылық жүрегіңді тазартып қана қоймай, рухыңды түлетіп, жаныңды тыныштыққа бөлейтін құлшылық.

Баршамызға мәлім қажылық айлары: Шәууәл, Зулқағда және Зулхижжа айының алғашқы он күні әлемнің түкбір-түкбірінен қажылар Алланың қасиетті мекенінде бас қосып, Ұлы Раббымызға құлшылық етеді. Аталмыш айда мұсылман үмметі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жаратқаннан уахи түскен мекенге ағылуда. Жамбыл облысының жамағаты да сапарға сақадай сай. 2014 жылы қазақ елінен 5 мыңға жуық адам қажылық жасаса, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артуда. Биыл Тараз қаласынан  50 адам парызын өтемекке аттанды.

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналғандарға бас имам Данияр қажы Жұмабаев пен Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров дұға етіп, ұзақ жол жүруге дайын жамағатқа ақ жол тіледі. Құран оқылып, қариялар ақ батасын берді. Күндердің ұлығы жұма күні таңертең Алматыға ат басын бұрған қажылар ертең тікелей Мәдина қаласына 6 сағат бойы «Flynas» әуе компаниясымен аттанбақ.

Сондай-ақ, қасиетті парызын өтеуге Жамбыл облысынан Жуалы ауданының имамы Алмас Кенжемолдаев пен Шу қаласының имамы Қуат Үрпеков ерең еңбектері үшін ҚМДБ-ның демеулігімен қажылық сапарына жол тартты.

Адамзат баласы жаратылмас бұрын 7000 жыл бойы періштелер тәуап еткен, Адам атаның (ғ.с.) дәуірінен бастау алған қасиетті қажылық бүгін де жалғасын табуда.   

Алла Тағала қабыл еткен қажылықтардан болсын деп, жолаушыларға сәт сапар тілейміз!  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: