Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің.

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін!

  Қайырымдылық деген әдемі қасиеттің бір әдемі үлгісі жуырда Құлан елді мекенінде көрініс тапты. Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың ұйытқы болуымен жүзеге асқан шара барысында Құлан ауылындағы тұрмысы төмен, көпбалалы жанұяның мектепке баратын оқушы балаларына көмек берілді.

Атап айтқанда, киім-кешек, күзгі, қысқы сырт киімдер, сөмке мен оқу құралдары жағдайы төмен отбасылар үшін үлкен көмек болды. Олар игі шараға ұйытқы болған жандарға ізгі тілектерін білдірді.

  Әбілда МЕЙІРХАНОВ, әскери зейнеткер.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: