Меркі ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имам-молдалары мен мешіт қызметкерлері арасында спорттық сайыс өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында ұйымдастырылған спортық футбол, жүгіру, гір тастарын көтеру ойындары тау бөктерінде жүргізілді.
Бұл іс-шара дін қызметкерлерінің өзара бас қосып, табиғатпен тыныс алып, денсаулықты шыңдап, ынтымақта болу мақсатында өткізілді.
Таң намазымен бесін намаз аралығында өткен спорттық ойындар барынша тартысты өтті. Дін қызметкерлері өздерінің денсаулықтарын қандай күйде екендігін аңғарды. «Алланың жаратқан көркем табиғатына сүйсіне бір шымырланып қалады екенсің,» – дейді қатысулышар.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті