Аудандық «Қордай» мешітінің ұйытқы болуымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ауданымыздың шеткейінде орналасқан Гвардейский қалашығында әскери қызметкерлермен дін саласында маңызды кездесу өтті.
Аталмыш іс-шараға ауданның ұстазы, дінтанушы Асқар Сатылғанов, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Бірімқұлов, сондай-ақ, мемлекеттік әскери қызметкерлер қатысты.
Азаматтардың діни сауаттылығын ашып, оларды ұлтжандылыққа және қазақ халқының ата дінімен біте сабақтасқан мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге үндеу, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру мақсатында өткен жиында қазіргі қоғамдағы көтерілген мәселелерге мысалдар келтіріліп, Құран аяттары мен хадистерден дәйектер келтірілді.
Елін қорғандары болған әскерилер көкейлеріндегі сауалдарына мардымды жауаптар тапқан-ды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі