Отбасын құрып, ұрпақ көбейту – Ислам дінінде қасиетті де ардақты іс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деп, үйленудің қаншалықты маңызды екенін ұғындырды. «Һибатулла Тарази» мешітінде мұсылман үмбетінің айбындарын тәрбиелейтін тағы бір неке орын алды.
Көне Тараз шаһарының тұрғындары 1994 жылғы Кириенко Тимур Валероевич пен 1996 жылғы Бухонова Аль-Нура (Элеонора) Эдуардовна мұсылманша некеге тұрды. Орыс ұлтының дәстүрлі дінін ұстанып келген жастар Ислам дінінің көркемдігі мен тазалығына, мәдениетіне, шынайылығына қызығып, мұсылман отбасын құруды мақсат тұтқан-ды. Азанмен есімдерін жаңартып, мешітте некелерін қиды.
Жұбайлық өмірге Алланың хақ дінімен аяқ басқан жас отбасы алдарына жаңа мақсаттар қойып, шариғат үкімдерін орындауға әзір.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі