Ауыл молдарымен мәжіліс өтті

Ауыл молдарымен мәжіліс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Жуырда облыстық «Діни экстремизмнің алдын алу жолдары» атты облыстық семинар өтті. Семинардан кейін Т. Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Ждадраевтың ұйымдастыруымен шұғыл түрде ауыл имамдары мен жиналыс өткізілді.

    Ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы өз сөзінде «Еліміздегі басқа діни ағымдарға бет бұрған діни топтар аз емес, солардын ішіндегі Хизбут Тахрир, Уаһабилік, Зікіршілер, Дағуатшылар, Такфиршілер, Ахмадия және тағы басқа ағымдар экстремистік топ болып табылады. Сол себептен діни ағымдармен күресу барлығымыздың мойнымыздағы міндет болып есептеледі» – деді.

Дініміз отбасын құру үшін некені талап етеді. Сондықтан отбасын құруға ниет еткендер неке қидыру үшін мешітке келеді. Ұлттық салт-дәсдүрлеріне сәйкес қыз балаларды кәмелетке жетпей тұрмысқа ұзату, алып қашу, қандас ағайын арасында қыз алысу сияқты мәселелер ҚР заңына қайшы. Осы тұрғыда, ауыл молдалары неке қию рәсімін өткізген кезде заң талаптарын сақтау керектігі тілге тиек болды. Имам мешіттерде ҚМДБ-ның сараптау комиссиясының мақұлдаған кітаптарын пайдалану, басқа діни кітаптарды пайдалануға болмайтындығын қатаң ескертті.

 Әбілда МЕЙІРХАНОВ, әскери зейнеткер.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: