ҚМДБ-ның жүктеген тапсырмасы негізінде еліміздің әрбір мешіті «Мектепке жол» науқанын өткізуде. Аталмыш қайырымдылық шарасы оқу маусымының басталуына орай көпбалалы, жалғызбасты, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналуда.
Тіршілік түйткілі күн көріс күйбінімен өтіп жатқан бұл жетіде осындай іс-шараның тағы бір кезегі «Һибатулла Тарази» мешітінде орын алды. Аталмыш іс-шарада 10 отбасыға көмек көрсетілді. Ертеңіміздің жарық сәулесіне айналар бүлдіршіндерге мектепке арналған сөмке және қажетті барлық құрал-жабдықтар (дәптер, күнделік, қалам, қаламсап, қаламсалғыш, өшіргіш, ұштағыш, сызғыш, мұқаба, сурет дәптер, т.б.) табысталды. Жеткіншектерге аталған сый-сыяпатты ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев тарту етті.
Екі-үш күнде білім ордасына аяқ басқалы отырған балалардың қуаныштан жүзін күлкі шимайласа, ата-аналар ризашылықтарын жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі