28 тамыз күні аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы мемлекеттік конфессия аралық қатынастарды нығайтуға, діни тұрақтылықты сақтауға, халық арасында дін мен дәстүрді насихаттауға арналған ауқымды рухани-ағартушылық шаралардың ұйымдастырылуына қосқан үлесі үшін Қордай ауданының әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаевтың алғыс хатымен марапатталды. Аудан басшысы Қайрат Әскербекұлы дін қызметкерін Конституцияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты жиында табыс етті. Сонымен қатар, аудан басшысы наиб имам Дәуренбек Жандосұлына имандылық жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі