Қордай ауданы «Қақпатас» ауылдық мешітінің ұйытқы болуымен республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Мешіт имамы Жамахамбет Танекеев ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылардың балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 балаға мектеп формасын табыстады. Қайырымдылық соммасы 40 000 теңгені құрады. Сыйлықтарды табыстай келе мешіт имамы көмек алған жанұяларға асыл дініміздің құндылықтарын насихаттады. Аталмыш іс-шараның қонағы болған азаматтардың алғысы шексіз.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі