Ардақты жамағат! Ертең ағымдағы жылдың 26 тамызында еліміздің білікті теолог-исламтанушы ғалымы Ерсін Әміре көненің көзі болған Тараз қаласына ат басын тіремек.
Білікті ұстаздың уағызын тыңдап, рухани азық жинап, көкейде жүрген сан сауалдың мардымды жауаптарын алғыңыз келсе Жамбыл облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітіне асығыңыз! Тағылымы мол кездесу екінті намазынан соң өткізілмек.
Жақсылықты жаю – мұсылмандықтың нышаны. Мына аятта Алла бұл істің маңыздылығы мен үнемі жалғасу керектігін: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын, Аллаға сенген қайырлы үмбет болдыңдар» ,- деп білдіреді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі