Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша қайырымдылық шаралары өткізілуде. Осыған орай, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Аят қажы Алмахановтың ұйымдастыруымен «Әулие ата» мешітінде «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл қайырымдылық шараға Тараз қаласының бірнеше мешіттері ат салысты. Осы мешіттерге қарасты әлеуметтік жағдайлары төмен көпбалалы аналарға, жалғыз басты отыз ананың мектеп жасындағы оқушы балдарына көмек көрсетілді. Атап айтатын болсақ, әр балаға сөмке және мектепке керекті құрал жабдықтар алып берілді. Имамдарымыз жас жеткіншектерге сабақ оқуда озат, елге, дінге қызмет ететін азамат болып өсулеріне тілек тілеп, ақ баталарын берді. Мешітке келген оқушы балдардың қуанышында шек болмады. Балаларын алып келген ата-аналар да өз ризалықтарын білдіріп жатты. Бұндай қайырымдылық шаралары келешекте де жалғасын таба бермек. Өйткені, жастар біздің болашағымыз.
Қайырымдылық шарасына қатысқан балалар және олардың ата-аналары риза болып, алғыстарын айтып тарқасты. Келешек ұрпақтарымыз білімді білікті болғай.
«Әулие ата» мешіті