Қажылық сапар — қасиетті парыз

Қажылық сапар — қасиетті парыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылық парызының жауапкершілігі зор әрі марапатының шексіз екенін өз хадистерінде ескерткен. Адамды анадан жаңа туғандай пәк, таза кейіпке бөлендіретін қажылық нендей құлшылық?! Оның маңыздылығы мен мәні неде деген сауал әр мұсылман жанды ойландырса керек. Сонымен, қажылық сөзі, араб тілінен алғанда, «құрмет тұтылған қасиетті жерді зиярат ету» мағынасын береді. Ал, қолданудағы немесе терминдік мағынасы, Алла Тағаланың ризалығы үшін құлшылық ниетімен қажылық айлары деп аталатын уақытта Мекке қаласындағы Қағбаны тауап етіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сәйкес барша қажылық рәсімдерін орындау болып табылады. Жоғарыда айтылған қажылық ғибадатының орындалатын айлары: Шәууәл, Зулқағда және Зулхижжа айының алғашқы он күні. 

Аталмыш айда төрімізге еніп, Қазақстан халқы Меккеге жылжымақ. «Һибатулла Тарази» мешітінде қажылық жолға аттанбақ жамағатқа дайындық дәрістері жүргізілді. «Һибатулла Тарази» медресесінің директорының орынбасары Исатай Оразов болашақ қажыларға қажылықтың әдептері мен ретін, мән-маңызын түсіндірді. Сапарға осы мешіттен 40 адам шыққалы отыр.

Түйіншегін түйіп, барын жиып отырғандар Алла бұйыртса 11 қыркүйек исламның негізгі тірегі болған парызын өтемекке ұшпақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: