Жаздық ілім курсында 2 ай бойы сауат ашқан жеткіншектердің бүгін де сабақтары қорытыланды. Олар Құран Кәрім, ақида, ғибадат, сира, дұғалар, ойын, талим пәндері бойынша білім алды. Аталмыш мерзім аралығында үйренгендерін ортаға салып, сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Доданы ұтқыр жауаптарымен жеңіп шыққан қыздарға сыйлықтар табысталды.
Берекесі мол ақ дастархан жайылып, ілімде күш біріктіргендер соңғы күндерін есте қаларлық етіп өткізуге барын салды.
Жаздық ілім лагерінің бірінші маусымына 60-тан астам қыз бала қатысса, екінші маусымында 40 тан астамы жалғастырды.
Ертеңімізді тәрбиелейтін инабатты қыздарымызға Зейнеп Үсенова, Гүлжан Алдасаева сынды ұстаздар мен осы медресенің қыздар сауат ашу курсының шәкірттері дәріс берді.
Мұсылманша сауат ашып, Құран сүрелерімен қатар ислами тәрбиені де үйренген оқушылардың ата-аналары ризашылықтарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.