Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» – деген болатын.
Осы орайда, Мойынқұм мешіті аталмыш қайырымдылық науқанын бастап кетті. Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З. Исаевтың ұйымдастыруымен М. Жұмабаев мектебінде білім алып жүрген үш балаға, әр оқушыға 5000 мың теңгеден барлығы 15 000 мың теңге ақшалай көмек көрсетілді. Мұндай игі іске қатысқан мектеп директоры мен жаңа оқу жылына дайындалып жүрген балалар және олардың ата-аналары алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Мойынқұм аудандық мешіті