Теріс ағымдардан сақ болайық!

Теріс ағымдардан сақ болайық!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жақыпбекұлы келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскерилермен теріс ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өткізіп қайтты.

        Әскери қызметкерлермен өткен жиында дәстүрлі дініміздің құндылықтарына тоқталған аудан имамы ислам дінінің адамзатты ынтымаққа, өзара түсіністікке, бір-біріне деген сүйіспеншілікке бастайтындығы жайында тілге тиек етті. Сондай-ақ, үй ішінен үй тігіп қаныпезерлік, қатігездікке баулып, өздерінің саясатын жүзеге асыратын экстремистік, террористік топтардың сипатына тоқталып, әрекетіне талдау жасап, ислам сөзін еш уақытта экстремизм, терроризм сынды сөздермен қатар қолдануға болмайтынын, себебі, ислам зорлық-зомбылықты тәрк еткен, бейбітшілік пен келісімді насихаттайтын пәк дін екенін ерекше қадап айтты.

 Өз кезегінде Отан алдындағы қызметтерін абыроймен атқарып жатқан әскерилер уағыз бен насихатқа құрылған тартымды кездесу үшін бас имамға алғыстарын білдіре отырып, өздерін қызықтыратын сауалдарға да қанағаттанарлық жауап алды.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ, әскери зейнеткер.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: