Т. Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Құлан ауылының зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
ҚМБД-ның атқарып жатқан ауқымды іс-шаралары жайлы баяндап, жат ағымдағы жастарды қауіпті діни идеологиядан құтқару мақсатында арнайы іс-шаралар атқарылып жатқанын жеткізді. Биылғы «Дін мен дәстүр» жылы аясында діни басқарманың игі бастамасымен бірқатар бағытта ізгі істердің жүзеге асып жатқанын айтты. «Тарихи мешіттер мен медреселер» туралы, оны салдырған тұлғалар жайлы кітаптар жарық көргенін тілге тиек етті. Бұл жастар үшін ғибрат болмақ. Сондай-ақ, жат ағымдағы жастармен жұмыс барысында олардың басын біріктіретін ортақ іс-шаралар мысалы, спорттық жарыстар, қайырымдылық науқандары, тағы басқа да жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтты.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ, әскери зейнеткер