Мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті

Мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйытқы болуымен аудандық ішікі саясат бөлімінің қолдауымен ауданымыздың шеткейінде орналасқан Сұлутөр және Үлкен Сұлутөр ауыл аймақтарында мемлекеттік қызметкерлермен дін саласындағы маңызды кездесулер жалғасуда. Аталмыш іс-шараға ауданымыздың наиб имамы, дінтану магистрі Д. Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Бірімқұлов, Үлкен Сұлутөр және Сұлутөр ауыл әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесудің басты мақсаты: азаматтардың діни сауаттылығын ашып, оларды ұлтжандылыққа және қазақ халқының ата дінімізбен біте сабақтасқан мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге үндеу, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру. Іс-шара қонағы Д. Жандосұлы ислам дінінің қадір-қасиеті турасында әңгіме өрбітіп, имандылық, теріс қылықтардан аулақ болу және бірлік пен адамгершілік жайлы әңгімелер айтты. Мемлекеттік қызметкерлер өз көкейкесті сұрақтарын дін өкіліне қойып, мардымды жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: