Жуырда Т. Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев Құлан ауылының ақсақалдарымен кездесу өткізді.
Жиында сөз сөйлеген Сұлтаншәріп қажы кездесудің мақсатын баяндап, дін мәселелері жөнінде әңгімеледі.
Егемен еліміздің берекесі мен ынтымағына ұлттық салт-дәстүрімізбен бір-бірімізге деген бауырмалдық адами қасиеттерімізге нұқсан келтіріп, теріс бағытқа бастар діни жат ағымдар мен экстремистік әрекеттерден аулақ болуға үндеп, хадистерден мысал келтіріп, уағыз айтты. Әсіресе жастардың жат ағымдардың жетегіне кетпей, Әбу Ханифа мазһабымен жүрудің дұрыстығын түсіндірді.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ, әскери зейнеткер