Шу аудандық Төле би орталық мешітінде ауданның бас имамы Қ. Мусаев ауыл молдаларымен бас қосып, жиналыс өкізді. Жиналыс барысында бір қатар мәселелер талқыланды.
Бас имам Қ. Мусаев тамыздың 18 күні облыста «Һибатулла Тарази» мешітінде өтетін «Салафизм – аса қауіпті індет атты» конференция жайлы хатпен ауыл молдаларын таныстырып, толығымен қатысуларын тапсырды. Сонымен қатар қоғамдағы теріс ағымдармен жұмыстарды күшейту жұмысын жүктеді.
Өзекті мәселелердің бірі – мешіт құжаттарын реттеу жайын айтып, жеке тұлғаға тіркеліп тұрған мешіттерді ҚМДБ–ның атына ауыстыру жұмыстарын пысықтауларын айтты.
Жиында ауыл молдаларына өз жұмыстарын адал атқарып, мешіт тазалығына, келіп түскен құжаттарға, ауыл тұрғындарының сұраныстары мен ұсыныстарына сол сияқты басқа да жұмыстарға аса көңіл бөлулерін айтты.
Жиналыс соңында ауыл молдалары көкейінде жүрген өзекті мәселерді қозғап ұсыныстарын ортаға салды.
Ғалым Есіркесінұлы,
Шу аудандық Төлеби мешітінің іс басқарушысы