Тараз қаласында қалалық мешіттер арасында екі күнге созылған Құран және азан жарысы өз мәресіне жетті. Жалпы 61 үміткер қатысқан бұл додадың бірінші күні шәкірттер өзара жарысып, әр сайыс түрінен үздік шыққандар ғана финалға жолдама алды.
Тек дүлділ мықтылардан құралған екінші жарыс күні де аса тартысты өтті. Ақтық сынға арнайы төрелік етуге шақырылған «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Құран пәнінің оқытушысы, имам хатиб Данияр Жалмухамбетұлы Самет жиналған қауымға ыстық лебізін білдіріп, Құран мен азанның артықшылығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар VI Республикалық Құран жарысында І орынды иеленген 14 жастағы ең жас қари, әділ қазылар алқасының мүшесі Дулат Қалығұлов әдемі даусымен әуезді Құран оқыды. Әділ қазылар алқасының құрамында Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр Әлимұхаммедұлы Жұмабаев, Тараз қаласының бас имамы Аят Дыбысұлы, Республикалық азан сайысында ІІІ орын иегері атанған Талғат Сматов төрелік етті.
Алдымен азаншылар жұртты намазға асықтырар дауысымен жарысса, одан кейін Құран жаттағандар сайысқа түсті. Тартысты өткен жарыс қорытындысы төмендегідей:
Азан жарысы:
1 орын – Абдуадзе Нұржан
2 орын – Жүсіпов Мақсат
3 орын – Ақылбек Темірлан
15 сүре:
1 орын – Тәжібеков Нұғман
2 орын – Дыбыс Абдурахим
3 орын – Нұрғазы Абдумұхит
Жарты пара:
1 орын – Хаджиматов Санджар
2 орын – Арыстанов Юсуф
3 орын – Аятұлы Заид
І пара:
1 орын – Бейсеналиев Абдуали
2 орын – Хафизов Дилмурат
3 орын – Сатаров Есен
Кеш соңында жеңімпаздар арнайы сертификаттармен марапатталып, ақшалай сыйлық берілді.
Жалғас ОРЫНБАСАРОВ,
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті
университетінің 2 курс студенті